Басты бет / Шығыстану / Түріктану және Шығыс елдерінің тарихы кафедрасы / Құрманәлі Чакыроглу Алтыншаш Арыстанбекқызы
Құрманәлі Чакыроглу Алтыншаш Арыстанбекқызы
Лауазымы: профессор м.а.
Алтыншаш Арыстанбекқызы Құрманәлі 1969 жылы 20 ақпанда Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек
ауданы Тасқұдық ауылында дүниеге келді.
1992 жылы Алматы шетел тілдері педагогикалық институтын «Неміс және ағылшын тілі мұғалімі»
мамандығы бойынша үздік бітірді.
Еңбек жолын 1992 жылы Алматы шетел тілдері педагогикалық институтының «Қазақ және жалпы тіл
білімі» кафедрасында оқытушы болып бастады.
1999 ж. Улудаг университетінде (Түркия) профессор Дж. Ак жетекшілігінде докторлық
диссертациясын табысты қорғады.
1998-2009 жылдары Қайнар университетінің университеттің Түркия Республикасындағы өкілі және
«Тілдер және тіл білімі» кафедрасында доцент м.а. болып қызметтер атқарды.
1999-2003 жылдары Улудаг университетінің (Бурса /Түркия) «Түрік тілі мен әдебиеті»
кафедрасында шақырылған шетелдік ғалым лауазымында қызмет атқарды.
2009-2019 жылдары СДУ университетінде «Шетел тілдері», «Түріктану» кафедраларында
қауымдастырылған профессор, профессор және кафедра меңгерушісі болып қызметтер атқарды.
8.11. 2018 жылы «ҚР Білім және ғылым министрлігі Білім саласындағы бақылау комитетінің
шешімімен «Тіл білімі» мамандығы бойынша «қауымдастырылған профессор» ғылыми атағын алды.
2019 -2021 жылдары «Қайнар» академиясының «Тәрбие ісі жөніндегі проректоры», «Тілдер және
журналистика» кафедрасының профессоры болып жұмыс істеді.
06.01.2021 жылы «Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының профессоры» атағын алды.
2021 жылынан бері әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Түрксой», «Түріктану және
Шығыс елдерінің тарихы» кафедрасында профессор м.а. болып қызмет етуде.
Тіл білімі, түркология, шетел тілін оқыту әдістемесі мәселелері бойынша түрік, ағылшын және
неміс тілдерінде 1 монография, 7 оқу құралы, 2 оқу-әдістемелік құрал, 2 лингвистикалық
терминдер сөздігі, 2 электронды сөздік және 1 тілашар мен 80- нен астам ғылыми мақаланың
авторы. Thomson Reuters деректер базасында 2 мақаласы, Скопус деректер базасында 4 мақаласы
жарияланған.
Ғалым-ұстаз көптеген халықаралық және республикалық конференциялар, дөңгелек үстелдердің,
ұйымдастырушысы және модераторы, МАК төрайымы, ғылыми кеңестерде мүше болып жұмыстар
атқаруда.
Қазақ, ағылшын, түрік, орыс, неміс тілдерін жетік біледі.
Тұрмыста, екі қызы тәрбиелеуде.
Мемлекеттік «Болашақ» бағдарламасының түлегі.
«ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері» (2015) және «Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі
үшін» (2024) төсбелгілерімен марапатталған.
Бірінші жоғарғы білімі
Ғылыми дәрежесі
Ғылыми атағыңыз
| Ғылыми атағыңыздың атауы | Тағайындалған күні |
|---|---|
| қауымдастырылған профессор (доцент) | 08.11.2018 |
Мемлекеттік сыйлықақылар
| Сыйлықақылар атауы | Берілген күні |
| «Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін» ҚР БҒМ төсбелгісі |
| Файл атауы | Тақырыбы | Сипаттамасы |
|---|---|---|
Шет тілінде оқу |
Силлабус
|
1
Құрманәлі Чакыроглу Алтыншаш Арыстанбекқызы
Түрік тілінің практикалық грамматикасы (Бастапқы деңгей / А1)
" Қазақ университеті "
2024 - г.
ISBN 978-601-04-6513-8
160 - стр.
ҚАЗАҚСТАН
2
Құрманәлі Чакыроглу Алтыншаш Арыстанбекқызы
Қазақша-орысша-түрікше -ағылшынша тақырыптық тілдесім Оқу құралы
" Қазақ университеті "
2025 - г.
ISBN 978-601-04-6983-9
230 - стр.
ҚАЗАҚСТАН
1
Құрманәлі Чакыроглу Алтыншаш Арыстанбекқызы
Lexical-semantic features of color designations in some phrasemes
2022 - г.
7 - стр.
15
2
Құрманәлі Чакыроглу Алтыншаш Арыстанбекқызы
Ә. Кекілбаевтың «Үркер» романындағы «жүрек» лексемасымен берілген фразеологизмдердің түрік тіліне аударылу ерекшеліктер
2024 - г.
11 - стр.
115
3
Құрманәлі Чакыроглу Алтыншаш Арыстанбекқызы
«Бауыр» компонентті фразеологизмдердің лингвомәдени аспектісі
2025 - г.
13 - стр.
97
4
Құрманәлі Чакыроглу Алтыншаш Арыстанбекқызы
Kazak halk masallarındaki “ant”, “yemin” ve “vaat” (söz) kavramlarının edimbilimsel görünümü
2024 - г.
13 - стр.
132
5
Құрманәлі Чакыроглу Алтыншаш Арыстанбекқызы
«Тіл/сөз» концептісінің қазақ паремиологиялық қорындағы вербалдану ерекшеліктері
2020 - г.
10 - стр.
133
Scopus
Автордың құжаттары
Дәйексөздер
H-index
0
0
0